«Жалпы білім беретін Жаңа Жанбай бастауыш мектебі» КММ
«Жалпы білім беретін Жаңа Жанбай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Атырау облысы, Исатай ауданы әкімінің 2001 жылы 19 шілденің №1314 санды шешімімен тіркеліп, 2001 жылдың 10 қарашасынан бастап 80 орындық сыйымдылықпен бір қатарлы бастауыш мектеп болып ашылды. Жер учаскесінің көлемі: 0,35 га. Мектепте төрт бастауыш сынып, бір мектеп алды даярлық жән бір шағын орталық тобыжұмыс жасайды. Мектепте бүгінгі таңда 9 оқушы, 9 тәрбиеленуші білім алуда. Сонымен қатар мектепте оқушылардың жан - жақты білім алуына жағдай жақсы жасалған. Мектеп толықтай интернет желісіне қосылған. Ішкі сыртқы аймақтардың барлығына бейне бақылау құрылғылары орнатылған. Мектеп базасы бір интерактивті тақта, үш проектор және 20 ноутбукпен жабдықталған. Бүгінгі таңда 7 мұғалім және 2 тәрбиеші, барлығы 9 педагог, (оның 7 - жоғары білімді, 2 - арнаулы орта білімді. 3 - педагог - сарапшы 1 - педагог - модератор санатында) және 8 жәй қызметкер жұмыс жасайды. Шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында жемісті еңбек етіп жүрген Абугалиева Ақмарал, Сүйеуова Камшат, Есмаганбетова Айнагүл, Бисинбаева Ляйля, Забихова Ботагоз, Хасанова Айза сынды ұстаздардың қатары бүгінде Асқарқызы Айзада, Зинолла Әсемгүл және Құрмантаева Айсана атты жас мамандармен толықты.
мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.
